• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Сәуір, 2023

Ақтауда 16 дәрігердің улануына қатысты тергеу басталды

Ақтауда ауызашарда астан уланған медицина қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аурудың топтық жағдайы, жіті ішек инфекциясы, гастроэнтерит туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта басқарма мамандары эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, аурудың мән-жайын анықтап жатыр», делінген басқарма мәліметінде.

Әзірше ауызашар берілген мейрамхананың аты белгісіз. Мамандар тергеу жүргізілгеннен кейін жариялайтынын айтып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар