• RUB:
    6.48
  • USD:
    508.42
  • EUR:
    580.72
Басты сайтқа өту
Энергетика 11 Сәуір, 2023

Алдағы жылыту маусымына дайындық пысықталды

646 рет
көрсетілді

Энергетика министрлігі  2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жоспарына сай 2023 жылы бірнеше электр станцияларына жөндеу жүргізіледі.

Соның ішінде 10 энергия блогы, 49 қазандық, 54 турбина жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал қазіргі кезде 1 энергоблокта, 2 қазандықта және 3 турбинада жөндеу жүргізіліп жатыр.

Ал электр желілерінде 25 346 мың км электр беру желісі, 564 жоғары вольтты қосалқы станция, 3507 трансформаторлық, тарату және жиынтық трансформаторлық қосалқы станция жөндеуден өтеді.