• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2023

Жигули Дайрабаев депутаттық мандатын тапсыра ма?

358 рет
көрсетілді

Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясы депутаты Жигули Дайрабаев өз мандатын тапсырмайтыны мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Мәжіліс алаңында журналистер «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Анас Баққожаевтан партия мүшесі Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сұрақ қойды.

«Жуырда депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот үкімі шықты. Депутат осы оқиғадан кейін өз мандатын тапсыра ма?» деп сұрады тілшілер.

Анас Баққожаевтың айтуынша, Жигули Дайрабаев депутаттық мандатын тапсырмай, өз қызметін жалғастыра береді.

«Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Осы сәтті пайдаланып, фракцияның мәлімдемесін айта кетсем жөн болар. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз. Біріншіден, аталған істе оның жеке басына қатысты ештеңе айтылмаған. Екіншіден, оның балалары ересек азаматтар. Олар өз ісіне өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек», деп жауап берді «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі.

Еске сала кетсек, 6 сәуірде Тараз қаласының №2 соты алаяқтық және ірі мөлшерде ақша жымқыру фактісі бойынша үш адамды жауапқа тартты. Сотталған үш ер адамның екеуі Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары екені анықталды.