• RUB:
    5.12
  • USD:
    452.92
  • EUR:
    484.99
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Сәуір, 2023

Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің абсолютті чемпионы атанды

362 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салды.

Нәтижесінде, Жібек Құламбаева 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, кеше отандасымыз ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, ол жарыстың абсолютті чемпионы атанды.