• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Наурыз, 2023

Жанқош Тұраров ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды

177 рет
көрсетілді

Жанқош Тұраров мексикалық Алехандро Менесеспен кездесіп, оныншы раундта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ж. Тұраров мексикалық боксшы Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін күш сынасты. Айта кетейік, бұл тартысқа түскен мексикалық боксшы әлем чемпионы болатын. 12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды. Қарсылас боксшы оныншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты.

Жанқош Тұраров кәсіби мансабында 27-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленді. Алехандро Менесес кәсіби бокста алтыншы рет жеңіліп, атағынан айырылды.