• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Наурыз, 2023

Мемлекеттік сатып алуға қатысты жаңа шартты жеңілдік енгізілді

357 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі барлық мемлекеттік сатып алуға қатысатын жекелеген ірі компаниялардың монополиялық жағдайын төмендету үшін жаңа шартты жеңілдіктің өлшемшарттарын енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңашылдықтар құрылыс нарығын монополиясыздандыруға және бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Енді шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі қосымша өлшемшарттар ескеріледі.

Жұмыстарды орындау аумағында тіркелген өнім берушіге 1 пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

Аумақтық белгі құрылыспен байланысты емес жұмыстар (техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды қоспағанда) және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 400 мың АЕК-ке дейінгі мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

Орындауында мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар әлеуетті өнім берушіден әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1 пайызы алынады.

Теріс мәндер құрылыс-монтаждау жұмыстарына, ведомстводан тыс кешенді сараптама, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарына және инжинирингтік қызметтерге қолданылады.

Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиясыздандыру бойынша тапсырмасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыс мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді және өңірлерде салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді.

Аталған өлшемшарттар Қаржы министрлігінің 2023 жылғы 1 наурызында № 225 бұйрықпен (ӘМ-де 02.03.2023 ж. № 31994 болып тіркелген) қабылданды.