• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Коронавирус 25 Наурыз, 2023

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты

208 рет
көрсетілді

Қазақстанда өткен тәулікте 80 адам коронавирус жұқтырды, 6 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

25 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 729 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.