• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.55
  • EUR:
    596.03
Басты сайтқа өту
Теннис 22 Наурыз, 2023

Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

317 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлады Egemen.kz.

Мастерс жарысының 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасады.

А.Калинская алғашқы айналымда рейтингте 171-сатыдағы Андорра өкілі Виктория Хименес-Касинцеваны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами додасы 2 сәуірге дейін созылады.