• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2023

Президент Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған концертті тамашалады

384 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан» орталық концерт залында белгілі әншілер Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Мейрамбек Беспаев, Рухия Байдүкенова, Әлішер Кәрімов, Қанат және Светлана Айтбаевтар, сондай-ақ Астана қаласының эстрадалық-симфониялық оркестрі, Жас көрермен музыкалық театрының солистері және басқа да өнерпаздар ән шырқады.

Концертке композитордың жұбайы Жәмилә Қалдаяқова да құрметті қонақ ретінде қатысып, ұлы Мұхтар мен немересі Айсұлу Қалдаяқовтар өнер көрсетті.