• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Теннис 20 Наурыз, 2023

Қазақстандық жас теннисші Үндістанда жеңімпаз атанды

189 рет
көрсетілді

Үндістанның Дехрадун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық жас спортшылар финалда бас жүлдені өзара бөлісті.

Жекелей сында 15 жастағы Альбина Кәкенова өзінен бір жас үлкен Анастасия Крымкованы 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, ITF Juniors додасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Есесіне А.Крымкова жұптық сында финалда Сәтима Төрегенмен бірге А.Кәкенова – Ариана Гогулинадан басым түсті.

Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өткен ITF турнирінде финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Каспер Жукқа есе жіберді. Есеп – 4:6, 4:6.