• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Наурыз, 2023

Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін өткізді

428 рет
көрсетілді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (25-7-2) Mergen FC 4 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оның қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды. Қуат бірінші раундтан бастап басымдығын байқатты. Ал өзбекстандық көбіне қорғанумен жүрді.

Екінші раундтың соңына қарай Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. 

Айта кетейік, әуелде Қуат Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болған. Алайда ресейлік спортшы қарызына байланысты әуежайдағы тексерістен өте алмай, қалып қойған.