• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2023

Мемлекет басшысы: Түркі әлемі өзара ынтымақтастығын нығайта түсті

344 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының беделі жайлы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.

«Қазір геосаяси жағдай күрделі екенін білесіздер. Әлемдегі экономикалық ахуал да мәз емес. Осындай қиын кезеңде Түркі әлемі өзара ынтымақтастығын нығайта түсті. Бұл – өте дұрыс қадам. Біздің ұйым сол арқылы халықаралық деңгейде өзіндік орны бар екенін көрсетті. Елдеріміз саяси, экономикалық және мәдени ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруі қажет», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл - Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі.

«Биыл қазан айында киелі Түркістанда Ұйымның оныншы мерейтойлық саммиті өтеді. Сіздерді осы алқалы жиынға қатысуға шақырамын. Бұдан бөлек, күзде ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға жүктеледі. Сол кезде бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылатын болады», деді Мемлекет басшысы.