• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Наурыз, 2023

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті

342 рет
көрсетілді

Мешітте болған оқыс оқиға туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мешіт қызметкерін пышақтап кеткен күдікті ұсталды.

«Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған оқиға себептері анықталады», деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген. 

«Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр. Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған», делінген жазбада.