• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2014

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

220 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 маусым. Президент Шығыс Қазақстан облысындағы іс-сапарын Өскемен технологиялық жабдықтар зауытының жұмысымен танысудан бастады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Зауытты аралау барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған өңірде жүзеге асырылып жатқан Индустрияландыру картасының жобалары көрсетілді. Сондай-ақ, Президент технологиялық жабдықтар өндіретін жаңа зауыт құрылысының барысымен танысты. Өскемен технологиялық жабдықтар зауыты жылу-энергетикалық кешен, құрылыс индустриясы мен металлургия кәсіпорындарына арналған жабдықтар шығаруға бағытталған. Оның өнімдері еліміз бен алыс-жақын шетелдерге сатылады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: akorda.kz. Фото: akorda.kz.