• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Ақпан, 2023

Риддердегі ЖЭО-да тағы да апат болды

282 рет
көрсетілді

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында бүгін тағы апат болды. №1 және №2 қазандық сағат 3.45 шамасында өшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті сайттың мәліметінше, №2 қазандықта жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосылды.

- №1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілгенде №3 және №4 қазандықтар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі уақытта №2 қазандық іске қосылған.  №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр, - дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында жылу электр орталығының иесі ауысқан еді.