• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Ақпан, 2023

Елорда әуежайында жолаушылар жанжал шығарды

233 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің тоқтауына байланысты әуежайда жанжал шығарған видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Fly Arystan әуе компаниясының Астана-Шымкент бағытындағы рейсі 25 ақпанда сағат 05:40-та ұшу керек болған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейс тоқтатылған. 

Жолаушылар наразылық білдіріп, ұшаққа отырғызуды талап еткен. Олардың айтуынша, рейстің кейінге шегерілуі мен тоқтатылуы жиі орын алады.