• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Ақпан, 2023

«Жұлдызды аспан» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

424 рет
көрсетілді

«Жұлдызды аспан» байқауының «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша жеңімпаздар белгілі болды.  2022 жылы байқауға 67 елдің фотографтары түсірген 3000-нан астам фотосуреттер ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл номинацияның басты байқаудан айырмашылығы, фотосуреттер көрмеге қойылып, қорытындысы алты айдан кейін көрермендердің дауысы бойынша шешіледі.

«Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазы Даниэль Зафра болды. Ол 4 км биіктіктен Құс жолы галактикасының көл бетіндегі сұлбасын түсірген.

Екінші орын Мигель Кларон түсірген суретке берілді.

Үшінші орынды Алеша Ройг иеленді.