• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Сайлау 19 Ақпан, 2023

Алдағы сайлауға түсетін ең жас кандидаттың жасы нешеде?

1001 рет
көрсетілді

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына түскен үміткерлердің арасында егде жастағылар да, жастар да бар екенін атап өтті. Ең жас үміткердің жасы - 20-да, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, барлығы заң талаптарына сәйкес.

Мәжіліске 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 281 кандидат, бір мандатты округтер бойынша мәжіліске 435 кандидат тіркелді. Бұл - орташа есеппен 15 адамнан тұратын бір мандаттық бәсекелестік.

Мәслихаттарға 118 партиялық тізім бойынша 1447 кандидат, бір мандатты аумақтық округтер бойынша – 10 288 кандидат тіркелді. Олар 3081 мандат үшін күреседі, орташа бәсекелестік - бір мандатқа 3-тен астам үміткер. ОСК және аумақтық сайлау комиссияларында барлығы 12 451 кандидат тіркелген.

Мәжіліс 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланады.