• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Ақпан, 2023

АҚШ-та Black Hawk әскери тікұшағы апатқа ұшырады

215 рет
көрсетілді

АҚШ-та апатқа ұшыраған әскери тікұшақ Алабама штатының Хантсвилл маңындағы тас жолға құлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тікұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де Хантсвиллдегі 53-маршрут маңында жаттығу рейсі кезінде апатқа ұшырады. Теннесси Ұлттық гвардиясы твиттер әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, борттағы 6 адамның екеуі апат салдарынан қайтыс болған. Ал тас жолда келе жатқан көліктер зардап шекпеген.