• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2023

Алматыдағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған қару Тараздан табылды

297 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу бойынша мақсатты жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 12 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті қару жасырылған орынды тапқан.

Тараз қаласының Арай иінінде 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған 308 Win калибрлі Benelli Argo-E карабин мылтығы және патронымен бірге 9 мм калибрлі SM Action газ тапаншасы табылып, тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер қару-жарақтарды анықтауды және оларды залалсыздандыруды жалғастырып жатыр, – деді ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.