• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Сайлау 09 Ақпан, 2023

Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды

435 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ОСК тіркеген жеті саяси партиядан депутаттыққа кандидаттарды ұсынудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше, 8 ақпан күні сағат 18:00-де барлық өңірлерде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы барлық жеті саяси партияның сайлауға қатысуын құптады», деді Константин Петров ОСК отырысында.

Оның айтуынша, Мәжіліс сайлауына қатысу үшін барлық жеті саяси партия да өз тізімдерін тапсырды, оған 283 кандидат кірген.

Сонымен қатар саяси партияға мүше емес адамдар партиялық тізімге ене алмайтыны атап өтілді.

Саяси партиялар контексінде кандидаттарды ұсыну статистикасы келесідей:

«АMANAT» – 90; ҚХП – 52, «Ақ жол» – 54, ЖСДП – 19, «Байтақ» – 18, «Ауыл» – 25, «Республика» – 25 кандидат.