• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Ақпан, 2023

БҰҰ Түркия мен Сирияға 25 млн доллар жібереді

279 рет
көрсетілді

БҰҰ Түркия мен Сирияғада болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге 25 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілетеме жасап.

Халықаралық құрылым өкілдері Түркияның Адана қаласында қолдау шараларын талқылауға кірісті. Жақында бір топ маман Газиантеп шаһарындағы құтқарушыларға қосылады.

Ал БҰҰ-ның Балалар қоры Сирияда зілзаладан жапа шеккен отбасыларға ауызсу мен өзге де аса қажетті заттарды жеткізумен айналысып жатыр.

БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің айтуынша, Сирияның жағдайы бұған дейін де, мәз емес еді. 

«Бұл қолдау шараларын біршама тежеуі мүмкін. Алайда біз зілзаладан жапа шеккендерге көмекті барынша жылдамдатуға күш салатын боламыз», деді ол.