• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Ақпан, 2023

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

814 рет
көрсетілді

2023 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы айда екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.

Бұл аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс күндері болып есептеледі. Ешқандай ауыстырулар жоқ. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.