• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Ақпан, 2023

Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

414 рет
көрсетілді

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады. 

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:

Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар. Термос, қол шамы, пауэрбанк. Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер). Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа киімдер. 

Қаржылай көмек келесі реквизиттер арқылы қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ

БСН 120940015916

БИК: HSBKKZKX

Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:

Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек. 

Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.