• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Ақпан, 2023

Томирис Нұржан Барселонадағы турнирде чемпион атанды

367 рет
көрсетілді

Қазақстанның жас теннисшісі Томирис Нұржан Барселонада өткен 14 жасқа дейінгі чемпиондар арасындағы беделді Open Banc Sabadell Champion турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Финалда Қазақстан теннисшісі 6:4, 6:2 есебімен жергілікті теннисшіден озды. Каталония мэрі чемпионға сыйлықты өзі тапсырып, теннисшіміздің жеңіске деген керемет ерік-жігерін атап өтті.

Осы жеңістің арқасында Томирис сәуір айында Барселонада ATP 500 турнирімен қатар өтетін сайыста өнер көрсетеді.