• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Ақпан, 2023

Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді

524 рет
көрсетілді

Түркияда жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 09.13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гелбашы ауданынан бес шақырым жерде орналасқан. 

Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттардың салдарынан Түркияда көптеген ғимараттар қирады.

Түркия елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар үшін жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.