• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Ақпан, 2023

ОСК-ға қандай партиялар құжат тапсырды?

224 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, төрт саяси партиядан партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда келесі партиялардан құжаттар ұсынылды:

«Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;«Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі;«Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі.

21 қаңтарда ҚР ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына жеті партияға қатысуға рұқсат берілгенін хабарлаған еді. Олар Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы; «Аманат»; «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы; «Байтақ» жасылдар партиясы; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы; Қазақстан халық партиясы; Республикалық партия.

Айта кетейік, Мәжіліс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген.