• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Ақпан, 2023

Австрияда қар көшкінінен 8 адам қайтыс болды

151 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері Австрия, Италия және Швейцария Альпісіндегі бірнеше тау шаңғысы курорттарында қар көшкіні салдарынан кем дегенде 13 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құтқару қызметінің мәліметінше, Австрияда 3 ақпаннан бері 8 адам қаза тапқан. Олардың жетеуі - шаңғышылар. Хабар-ошарсыз кеткен адамдар да бар.

Австрия билігі көшкін қаупінің төртінші деңгейін енгізді. Австрия мен солтүстік Италияның Тарихи тирол аймағында қалың қар жауғаннан кейін көшкін қаупі артқан. Мәселен, сенбі, 4 ақпанда аймақта 30-дан астам қар көшкіні тіркелді.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті