• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Ақпан, 2023

Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев

222 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Ерболат Досаев «Цифрлық Алматы: жаңа шындықтағы цифрлық серіктестік» форумының ашылуында қалада мемлекеттік қызметтердің 96 пайызы цифрлық форматта көрсетілетінін және бұл көрсеткіштің үнемі өсіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қабылданған қаланы дамыту бағдарламасындағы негізгі жеті басымдықтың бірі – «Алматы-Смарт сити» жобасын құру. Биылғы жылдың күзіне қарай Сингапур, Шанхай сияқты мегаполистерге ұқсас қаланың «цифрлық егізін» құруды қолға алу жоспарланды», деді қала әкімі.

Ерболат Досаев қала менеджментін жетілдіретін басқа да жүйелі платформалық шешімдер Алматыны одан әрі дамыту үшін маңызды жобалар екенін қоса айтты.

«Бұл қаланың Бірыңғай деректер қоймасы, Бірыңғай геоаналитика платформасы. Бірыңғай бейнебақылау жүйесі биыл Алматы қаласының 80 пайызын қамтиды. Бұл ең алдымен жайлы қалалық ортаны құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жоба», деп қосты әкім.

Бұған дейін әкімдік «цифрлық егізді» дамыту қалалық көші-қон ағынын қадағалауға, бағаларды бақылауға және т.б. көмектеседі деген еді.