• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2023

Жолшылар көлігінде бензин таусылған жүргізушіге көмектесті

169 рет
көрсетілді

Жолшылар М-32 тасжолында көлігінде бензині таусылған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖол Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Түркістандық жолшылар қиын жол жағдайына тап болған жүргізушіге көмек көрсетті. Шымкенттен Түркістан қаласына бара жатқан көліктің тасжолда бензині таусылып қалған. Жүргізушінің айтуынша, жолдағы басқа жүргізушілер көмек көрсетпеген. 27 қаңтарда таңғы сағат 06:00 шамасында жүргізуші ҚазАвтоЖолдың 1403 байланыс орталығына қоңырау шалып, көмекке жүгінген», деп жазылған ведомство хабарламасында. 

Түркістандық жолшылар оқиға орнына жанар-жағармай жеткізіп берді. Жүргізуші мамандарға алғыс білдірді.

Айта кетейік, бүгінде республикалық маңызы бар күре жолдар ашық тұр. Еліміздің автожолдарында жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін өткен түнде 750 м3 құм-тұз қоспасы себілді.

Қысқы күтіп ұстау жұмыстарын атқару үшін 643 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.