• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қаңтар, 2023

Елордада өңірлік мерзімді басылымдар форумы мәресіне жетті

526 рет
көрсетілді

Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған өңірлік мерзімді басылымдар форумы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Министр Дархан Қыдырәлі форумның соңында өңірлік мерзімді басылымдардың жұмыс деңгейін арттыру мәселелеріне тоқталып, қорытынды сөз сөйледі.

«Екі күн бойы жақсы жиын өтті, лтүрлі тақырыптарда көптеген мәселелер талқыланды. Дәстүрлі медианы біз әрқашан қолдауға әзірміз.  Журналистиканың отынан кіріп, күлінен шыққан журналистерге министрлік атынан және өз атымнан ризашылығымды білдіргім келеді. Өңірлердің арасында тәжірибе алмасу болды деп ойлаймын. Озық өңірлердегі тәжірибені қолдану барысында әкімшіліктен қолдау қажет болса біз сол әкімдіктермен сөйлесуге дайынбыз», деді Дархан Қыдырәлі.

Сонымен қатар жиын барысында министрге орыс тілінде жарияланатын БАҚ-тың болашағы жайлы сұрақ қойылды.

«Біз мемлкеттік және мемлекеттік емес тіл деп бөлмейміз. Сол сияқты Қазақстандағы барлық тілде шығатын газеттердің барлығына бірдей қараймыз. Оның ішінде орыс тіліндегі басылымдар біздің ерекше назарымызда. Орыс тіліндегі журналистиканы дамытып отырған әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Орыс тілді аудитория өте үлкен және  оның мүмкіндіктері көп. Отандық журналистиканың дамуында орыс тілді журналистканың да үлкен рөлі бар. Болашақта да солай жалғасатынына сенемін. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!», деп қорытындылады Д.Қыдырәлі.

Осылайша елордада екі күнге созылған өңірлік мерзімді басылымдар форумы жұмысын аяқтады. Форумда өңірлік мерзімді басылымдардың жұмыс деңгейін арттыру мәселелері көтерілді. Аталған форумға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат қатысты. Екі күн бойы түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастырылды.