• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қаңтар, 2023

Қазақстан мен Саха Республикасы әуе қатынасын дамытады

317 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Саха (Якутия) Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесті. Тараптар ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ИИДМ басшысы бауырлас республикамен жемісті әріптестік орнайтынына сенім білдіріп, Саха инвесторларын елімізге бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

Бұл ретте А.Николаев өз республикасының экономикалық әлеуеті жайлы ақпарат беріп, оның ішінде азаматтық авиация, жер қойнауын игеру және өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ зергерлік-қырлау кластер бөлігінде тиімді әріптестікті нығайтуға ниетті екенін айттып, ұсыныстарын жеткізді.   

Бұдан басқа тараптар Якутск – Новосібір – Астана және Якутск – Новосібір – Алматы әуе қатынасын ашу және «Якутия» озық даму аймағында өндірілетін ұзақ уақыт жанатын пештерді Қазақстанға импорттау мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Кездесудің қорытындысына сәйкес екі жақ іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Саха Республикасы арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.