• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Қаңтар, 2023

Оңтүстік Кореяда жүк кемесі суға батып кетті

315 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяда Чеджу аралының жағалауында бортында 22 адам бар жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеме Чеджу аралындағы Сеогвипо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде суға батып кеткен. Бортта 22 экипаж мүшесі болған. Оның 14-і Қытай азаматы және 8-і Мьянма азаматы еді. Экипаждың екі мүшесі құтқарылды, қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Цзинь Тянь Гонконгта тіркелген және ағаш таситын кеме.