• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Қаңтар, 2023

Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында ұшақ қатынайды

278 рет
көрсетілді

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзербайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, «Әзербайжан Хава Йоллары» әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, Әзербайжан әуекомпаниясы 2023 жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен, атап айтқанда бейсенбі және сенбі күндері, сондай-ақ 2023 жылдың 11 наурызынан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалады.

Айта кетсек, Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.