• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қаңтар, 2023

Тибетте қар көшкінінен 28 адам қайтыс болды

373 рет
көрсетілді

Тибетте қар көшкінінен қаза тапқандар саны 28 адамға дейін өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Xinhua ақпарат агенттігі көшкін салдарынан 28 адамның қайтыс болғаны туралы хабарлады.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды.

Жергілікті билік ұзындығы 7,5 км болатын құтқару жолын қазуға көмектесу үшін барлығы 1348 жұмысшы мен 236 бірлік техника жіберді.

Оқиға салдарынан 5 адам ауыр жарақат алды.

17 қаңтарда болған қар көшкіні Майнлинг округіндегі Пай ауылы мен Медог округіндегі Доксонг-Ла туннелінен шығу арасындағы жолдың бір бөлігіне түскен.