21 қаңтарда Тұран мен Ұлы дала даңғылдарының қиылысында болған коммуналдық апатқа байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
City Transportation Systems хабарлағандай, № 26, 40 маршруттар Тұран даңғылы - Бұқар жырау көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - Ұлы дала даңғылы бойынша уақытша жүреді.
Бұқар жырау көшесіндегі көлік ағынына байланысты жол кептелісі байқалады. Бұл № 26, 40 маршруттардың қозғалыс кестесін уақытша өзгертуге себеп болды.