• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Президент 20 Қаңтар, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

332 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әңгіме барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.