• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Хоккей 18 Қаңтар, 2023

Универсиада: Қазақстан хоккейшілері финалда АҚШ құрамасымен кездеседі

295 рет
көрсетілді

Бүгін хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы Лейк-Плэсидте өтетін 2023 жылғы Универсиадада топтық кезеңдегі соңғы матчын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан - АҚШ кездесуі Астана уақыты бойынша 20:30-да басталады.

Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 12 ұпай бар. Қазақстан негізгі уақытта төрт рет жеңіске жетіп, үлкен нәтиже көрсетті. Бұған дейін Қазақстан хоккейшілері Оңтүстік Корея (5:1), Венгрия (9:1), Ұлыбритания (15:1) және Словакия (4:0) құрамаларын жеңді.

Командалардың топтағы орнына келсек, Қазақстан – 12 ұпай (4 матч), Словакия – 9 ұпай (4 матч), АҚШ – 6 ұпай (3 матч), Венгрия – 6 ұпай (4 матч). ), Оңтүстік Корея – 0 ұпай (3 матч), Ұлыбритания – 0 ұпай (4 матч). Бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.