• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Теннис 12 Қаңтар, 2023

Қазақстан теннисшілерінің Аустралиядағы қарсыластары анықталды

180 рет
көрсетілді

Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен шеберлік байқасады.

Рейтингте 51-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович-Фокинадан өтуге тырысып көреді.