• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қаңтар, 2023

Қарағандыдағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

275 рет
көрсетілді

10 қаңтарда Қарағанды қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ балоны жарылып, өрт болды. Оқиғаның мән-жайы анықталды. Осыған байланысты жергілікті полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мәліметтері бойынша, өрт шыққан пәтерден ер адам құтқарылып, ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар үй ішін тексеру кезінде үш адамның денесі табылды (болжам бойынша екі еркек пен бір әйел).

«Өрт фактісі бойынша полицияда ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігі бойынша «Отты абайсызда пайдалану немесе аса қауіпті өзге де көздермен ауыр зардаптарға әкеп соқтырған бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс тіркелді», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған баптың санкциялары 2 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұлмен не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарымен не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.