• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Президент 03 Қаңтар, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

220 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылады.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашылық етті.