• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Елорда 01 Қаңтар, 2023

Елорданың үш алаңында жаңа жылдық концерт өтті

465 рет
көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Астананың үш ашық алаңында эстрада жұлдыздарының өнер көрсетуімен мерекелік концерттер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары өз әндерін қалалық алаңда, EXPO халықаралық көрме орталығының алдында және «Қазақ Елі» монументінің жанындағы алаңда орындады.

Жұлдыздар қатарында Серік Ибрагимов, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, Ayree, Qanay, Алмаз Кішкенбаев, «Калиманджаро» тобы, Ақбота Болшова, Диана Исмайыл, Зарина Омарова, Нұрдәулет Карлов, Мәди Қадыров, Құлайым Қайырбаева және басқалар бар.