Бұл факт қаланың Солтүстік полиция бөлімінде тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, жанжал кезінде 34 жастағы павлодарлық өзінің танысы Алматы облысының 35 жастағы тұрғынының аяғына пышақ сұғып алған.
Ер адам қазір ауруханада жатыр. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.