• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Желтоқсан, 2022

Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күтіледі

232 рет
көрсетілді

15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде метеорологиялық жағдай орталығы Өскеменде орналасқан кең ауқымды антициклонның ықпалымен анықталады, осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және ауаның төмендеуі күтіледі. Солтүстікте ауа температурасы 23-28 градус аяз болады. Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, аздаған қарлы боран күтіледі. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында тұман күтіледі», делінген синоптиктердің хабарламасында.