• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Желтоқсан, 2022

Астанада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

230 рет
көрсетілді

Астанада Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ-не сілтеме жасап. 

«Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді», - деп жазды ІІМ-нен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.