• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Үкімет 30 Қараша, 2022

Мәжіліс агломерацияларды дамыту туралы заң жобасын мақұлдады

217 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда «Агломерацияларды дамыту туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы және оған ілеспе заң жобасы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және агломерацияларды қалыптастыру мен дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.

Аталған заң жобалары 2022 жылдың 23 қарашасында бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобалары:

агломерацияларды дамыту бойынша жаңа тәсілдерді енгізуді, өңірлік және республикалық деңгейлерде агломерациялар бойынша кеңестер құруды ұсынады; Үкіметтің, уәкілетті органның, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агломерацияларды дамыту саласындағы құзыреттерін айқындау; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қала құрылысын жоспарлау, көлік инфрақұрылымын жоспарлау, сәулет және құрылыс қызметі, бюджеттік процестерді іске асыру саласындағы өкілеттіктерін кеңейту. Бұл агломерациялар аумағындағы жергілікті маңызы бар міндеттерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қала орталығын да, қала маңындағы аймақтарды да дамытуға бағытталған агломерация жобаларын бірлесіп қаржыландыру бойынша қала және іргелес облыс бюджеттері арасында көлденең трансферттер мүмкіндігі ұсынылады.