• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2022

Push-хабарламалар – қанатқақты жоба

245 рет
көрсетілді

Қазақстанда көрсетілетін қызметті алушыларға Екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаларына push-хабарламалар жіберу арқылы проактивті қызметтер көрсету жөніндегі қанатқақты жобаны іске асыру басталды.

Бүгінде қандай да бір өмірлік жағдай туындаған кезде азаматтарға проактивті форматта қызмет көрсету үшін SMS-хабарламалар жіберіледі. Мысалы, бала туған кезде ата-анаға бала тууына байланысты жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі, оны тағайындау үшін осы хабарламаға келісіммен жауап беру жеткілікті.

Азаматтарды проактивті қыз­меттермен кеңінен қамту үшін және ыңғайлы болу мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екінші деңгейдегі банк­термен бірлесіп ЕДБ қосымшаларына push-хабарламалар жіберу арқылы проактивті қызметтер көрсету мүм­кіндігін іске асырды. Қағидат бірдей, яғни белгілі бір өмірлік жағдай туындаған кезде push-хабарлама жіберіледі және пайдаланушының оң жауабы болған жағдайда оған тиісті төлемдер тағайындалады.