• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 29 Қараша, 2022

Жанқош Тұраров алдағы жекпе-жегіне қатысты үндеу жасады

535 рет
көрсетілді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) Алматыдағы бокс кешіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Vesti.kz сайтында отандасымыз венесуэлалық Энрике Луиспен қолғап түйістіретіні жазылған. Қос боксшы IBO Intercontinental белбеуіне таласады.

Сонымен қатар сол күні ММА шебері Арман Әшім кәсіпқой бокстағы алғашқы қадамын жасайды.

«DAZN тарихында бірінші рет жекпе-жек кеші Қазақстанда ұйымдастырылады. 11 желтоқсан күні «Алматы Аренаға» келіп біздің қазақтарға қолдау көрсетіңіздер», деді Ж.Тұраров.