• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қараша, 2022

Қазақстанға Финляндия парламентінің депутаттары келді

133 рет
көрсетілді

Финляндия делегациясы Қазақстанға сапар барысында ІІМ басшылығымен кездесуге ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олар ІІО-да жүргізіліп жатқан реформаны талқылаған.

Кездесуде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастық өзара түсіністік, сенім және достық атмосферасында дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ ІІМ басшылығы шетелдік делегацияны ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысымен таныстырды.