• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Қараша, 2022

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

164 рет
көрсетілді

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен  Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz. 

Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды.

Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.